Визтин в порошке — инструкция по применению

Инструкция по применению визтина в порошке, описание действия препарата, показания к применению порошка визтина, взаимодействие с другими лекарствами, применение визтина (порошок) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Визтин
Международное название: Нет
Лекарственная форма:
Порошок для приготовления раствора для инфузий 250 мг/250 мг, 500 мг/500 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J01 Антибактериальные средства для системного применения
J01R Комбинированные антибактериальные средства
J01R A Комбинированные антибактериальные средства
Фарм. группа:
Антибактериальные средства для системного применения. Прочие бета-лактамные антибактериальные препараты. Карбапенемы. Код АТС J01DH51
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25°C. Хранить в недоступном для детей месте! После разведения раствор для внутривенного введения можно хранить в течение 4 часов при комнатной температуре (не выше 25°C) или в течение 24 часов в холодильнике (при температуре 4°C).
Срок хранения:
2 года. Препарат не применять по истечении срока годности, указанного на упаковке.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Порошок от белого до бледно – желтого цвета

Состав визтина в порошке

1 флакон содержит:
1 құтының ішінде:

Активное вещество визтина

имипенема эквивалентно имипенему безводному 250 мг, натрия циластатина эквивалентно циластатину 250 мг и натрия бикарбоната -стерильная смесь, или имипенема эквивалентно имипенему безводному 500 мг, натрия циластатина эквивалентно циластатину 500 мг и натрия бикарбоната -стерильная смесь
250 мг сусыз имипенемге баламалы имипенем, 250 мг циластатинге баламалы натрий циластатині және натрий бикарбонаты – стерильді қоспа немесе 500 мг сусыз имипенемге баламалы имипенем, 500 мг циластатинге баламалы натрий циластатині және натрий бикарбонаты – стерильді қоспа

Показания к применению порошка визтина

Лечение инфекционно-воспалительных заболеваний, вызванных чувствительными к препарату микроорганизмами:
  • инфекции органов брюшной полости
  • инфекции нижних отделов дыхательных путей
  • гинекологические инфекции
  • септицемия (не рекомендуется применение препарата в лекарственной форме для в/м введения)
  • инфекции мочеполовой системы
  • инфекции костей и суставов
  • инфекции кожи и мягких тканей
  • инфекционный эндокардит (не рекомендуется применение препарата в лекарственной форме для в/м введения)
  • смешанные инфекции (в т.ч. вызванные Bacteroides fragilis)
Визтин не показан для лечения менингита.

Визтин показан для профилактики некоторых послеоперационных инфекций у больных с высокой вероятностью послеоперационной инфекции
Препаратқа сезімтал микроорганизмдер туғызған жұқпалы-қабыну ауруларын емдеу:
  • құрсақ қуысы мүшелерінің жұқпалары
  • тыныс алу жолдарының төменгі бөліктерінің жұқпалары
  • гинекологиялық жұқпалар
  • септицемия (бұлшықетішілік енгізуге арналған дәрілік түрдегі препаратты қолдану ұсынылмайды)
  • несеп-жыныс жүйесінің жұқпалары
  • сүйектер мен буындардың жұқпалары
  • терінің және жұмсақ тіндердің жұқпалары
  • жұқпалы эндокардит (б/і енгізуге арналған дәрілік түрдегі препаратты қолдануға болмайды)
  • аралас жұқпалар (соның ішінде, Bacteroides fragilis туындатқан)
Визтин менингитті емдеуге ұсынылмайды.

Визтин операциядан кейін жұқпалану ықтималдығы жоғары науқастардағы операциядан кейінгі кейбір жұқпалардың алдын алу үшін ұсынылады.

Противопоказания визтина в порошке

  • повышенная чувствительность к любому из компонентов препарата, другим бета-лактамным антибиотикам, пенициллинам и цефалоспоринам
  • детский возраст до 3 месяцев
  • дети с нарушенной функцией почек (сывороточный креатинин более 2 мг/л)
  • пациенты с клиренсом креатинина менее 5 мл/мин-1,73 м2
  • одновременный прием с ганцикловиром и пробенецидом
Визтин в виде раствора для в/м инъекций, приготовленного с использованием лидокаина гидрохлорида в качестве растворителя, противопоказан к применению у пациентов с повышенной чувствительностью к местным амидным анестетикам, а также у больных с тяжелым шоком или нарушениями внутрисердечной проводимости.
  • препараттың құрамдас бөліктерінің кез-келгеніне, басқа бета-лактамдық антибиотиктерге, пенициллиндер мен цефалоспориндерге жоғары сезімталдық
  • 3 айға дейінгі сәбилік кезең
  • бүйрек қызметі бұзылған балалар (сарысулық креатинин 2 мг/л-ден аса)
  • креатинин клиренсі 5 мл/мин-1,73 м2 кем емделушілер
  • ганцикловирмен және пробенецидпен бір мезгілде қабылдау
Лидокаин гидрохлоридінің еріткіш ретінде пайдаланылуымен дайындалған бұлшықетішілік инъекцияға арналған ерітінді түріндегі Визтин жергілікті амидтік анестетиктерге сезімталдығы жоғары емделушілерге, сонымен бірге ауыр шок жағдайындағы немесе жүрекішілік өткізгіштігінің бұзылулары бар науқастарда қолданылмайды.

Побочные действия порошка визтина

Часто
  • флебит, тромбофлебит, боль в месте введения препарата, эритема в месте введения препарата, уплотнения вены в месте введения препарата, инфицирование в месте введения препарата
  • тошнота, рвота, диарея, клинически значимым является риск развития клостридиального псевдомембранозного колита, геморрагический колит, гепатит (включая фульминантный), печеночная недостаточность, желтуха, гастроэнтерит, глоссит, гипертрофия сосочков языка, боль в животе, пигментация зубов и языка, изжога, боль в горле, гиперсаливация
  • энцефалопатия, тремор, спутанность сознания, миоклония, парестезия, вертиго, головная боль, психические расстройства, включая галлюцинации
  • снижение слуха, звон в ушах, извращение вкуса
  • чувство дискомфорта в груди, одышка, гипервентиляция, боль в грудном отделе позвоночника
  • сердцебиение, тахикардия
  • сыпь, зуд, крапивница, гипергидроз, цианоз, Синдром Стивенса-Джонсона, ангионевротический отек, токсический эпидермальный некролиз
Редко
  • эксфолиативный дерматит, мультиформная эритема, лихорадка, в том числе и лекарственная, анафилактические реакции
  • кандидоз
  • панцитопения, угнетение функции красного ростка костного мозга, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, гемолитическая анемия, эозинофилия, лейкоцитоз, тромбоцитоз, моноцитоз, лимфоцитоз, увеличение количества базофилов, снижение уровня гемоглобина и гематокрита, агранулоцитоз, увеличение протромбинового времени, положительный прямой тест Кумбса
  • повышение сывороточных трансаминаз, билирубина и/или сывороточной щелочной фосфатазы, а также уровня липопретеинов низкой плотности.
  • олигурия/анурия, полиурия, протеинурия, эритроцит-, лейкоцит- и цилиндрурия, повышение концентрации билирубина и изменение цвета мочи (безопасно и не должно быть ошибочно принято за гематурию), повышение сывороточной концентрации мочевины и креатинина, острая почечная недостаточность
  • снижение сывороточной концентрации натрия и хлора, повышение концентрации калия
Визтин обычно хорошо переносится. При проведении контролируемых клинических исследований Визтин показал такую же переносимость, как при использовании цефазолина, цефалотина и цефотаксима. Побочные эффекты редко требуют прекращения терапии и обычно являются умеренными и переходящими; тяжелые побочные эффекты наблюдаются редко.

Местные реакции в области инъекции являются наиболее распостраненными побочными эффектами Визтина.
Жиі
  • флебит, тромбофлебит, препаратты енгізген жердің ауыруы, препаратты енгізу орнындағы эритема, препаратты енгізген жердегі көктамырдың тығыздануы, препаратты енгізу орнындағы жұқпалану
  • жүрек айнуы, құсу, диарея, клостридиальді жалған жарғақшалық колиттің өршу қаупі клиникалық елеулі болып саналады, геморрагиялық колит, гепатит (фульминанттықты қоса), бауыр жеткіліксіздігі, сары ауру, гастроэнтерит, глоссит, тіл бүдірлерінің гипертрофиясы, іштің ауыруы, тіс пен тілдің таңдақтануы, қыжыл, тамақтың ауыруы, гиперсаливация
  • энцефалопатия, діріл, сананың шатасуы, миоклония, парестезия, вертиго, бас ауыруы, психикалық бұзылыстар, елестеулерді қоса
  • естудің кемуі, құлақтың шуылдауы, дәм сезудің бұрмалануы
  • кеудедегі жайсыздық сезімі, ентігу, асқын желдетілу, омыртқаның кеуде бөлігіндегі ауыру
  • жүрек лүпілдеуі, тахикардия
  • бөртпе, қышыма, есекжем, гипергидроз, цианоз, Стивенс-Джонсон синдромы, ангионевротикалық ісіну, уытты эпидермальді некролиз
Сирек
  • эксфолиативті дерматит, мультитүрлі эритема, қызба, соның ішінде дәрілік, анафилактикалық реакциялар
  • кандидоз
  • панцитопения, сүйек кемігінің қызыл өскіні қызметінің бәсеңдеуі, тромбоцитопения, лейкопения, нейтропения, гемолитикалық анемия, эозинофилия, лейкоцитоз, тромбоцитоз, моноцитоз, лимфоцитоз, базофильдер санының ұлғаюы, гемоглобин мен гематокрит деңгейінің төмендеуі, агранулоцитоз, протромбиндік уақыттың ұлғаюы, Кумбстің тікелей оң тестісі
  • сарысулық трансаминазалардың, билирубиннің және/немесе сарысулық сілтілі фосфатазаның, сондай-ақ тығыздығы төмен липопретеиндер деңгейінің жоғарылауы.
  • олигурия/анурия, полиурия, протеинурия, эритроцит-, лейкоцит- және цилиндрурия, билирубин концентрациясының артуы және несеп түсінің өзгеруі (қауіпсіз және гематурия ретінде қате қабылданбауға тиіс),
  • мочевина мен креатининнің сарысулық концентрацияларының артуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі
  • натрий мен хлордың сарысулық концентрацияларының төмендеуі, калий концентрациясының жоғарылауы
Визтин әдетте жақсы көтерімді. Бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізгенде Визтин дәл цефазолинді, цефалотинді және цефотаксимді пайдаланған кездегідей көтерімділігін көрсетті. Жағымсыз әсерлер емнің тоқтатылуын сирек талап етеді және әдетте бірқалыпты және өтпелі болып табылады; ауыр жағымсыз әсерлер сирек байқалады.

Инъекция аумағындағы жергілікті реакциялар Визтиннің ең көп тараған жағымсыз әсерлері болып табылады.

Особые указания к применению

Визтин эффективен при многих инфекционных заболеваний, вызванных бактериями, устойчивыми к цефалоспоринам, включая цефазолин, цефоперазон, цефалотин, цефтазидим, цефокситин, цефотаксим, моксалактам, цефамандол и цефтриаксон. Многие инфекционные заболевания, вызванные микроорганизмами, устойчивыми к аминогликозидам (гентамицин, амикацин, тобрамицин) и/или к пенициллинам (ампициллин, карбенициллин, пенициллин-G, тикарциллин, пиперациллин, азлоциллин, мезлоциллин), также реагировали на лечение Визтином.

Имеются некоторые клинические и лабораторные данные о частичной перекрестной аллергии при употреблении Визтина и других бета-лактамных антибиотиков, пенициллинов и цефалоспоринов. Сообщалось о тяжелых реакциях (включая анафилаксию) при использовании большинства антибиотиков группы бета-лактамов. Перед началом терапии Визтином должен быть собран тщательный анамнез на предмет предыдущих аллергических реакций на бета-лактамные антибиотики. Если в процессе лечения возникает аллергическая реакция, препарат следует отменить и назначить соответствующую терапию.

Псевдомембранозный колит был описан как осложнение при лечении практически всеми антибиотиками; его тяжесть может варьировать от легких форм до тяжелых и угрожающих жизни состояний. Поэтому лицам, имеющим в анамнезе заболевания ЖКТ, особенно колит, Визтин следует назначать с осторожностью. Особенно важно рассматривать возможность развития псевдомембранозного колита в случаях, когда на фоне лечения антибиотиками появляется диарея. Все возможные варианты должны быть рассмотрены и в тех случаях, когда исследования показывают, что первичной причиной связываемого с лечением антибиотиками колита являются токсины, продуцируемые Clostridium difficile. Необходимо принимать во внимание и другие причины.

Побочные эффекты со стороны ЦНС в период приема Визтина чаще наблюдались в тех случаях, когда рекомендованные дозы, зависящие от функции почек и массы тела, были превышены. Подобные расстройства описывались обычно у пациентов с поражением ЦНС (травмами головного мозга или припадками в анамнезе) и/или у пациентов группы риска в связи с нарушениями функции почек, при которых возможно накопление препарата. Следовательно, крайне необходимо строгое соблюдение рекомендованного режима дозирования, особенно у подобных больных. Терапия противосудорожными препаратами должна сохраняться у больных с указаниями на припадки в анамнезе.

Если в процессе терапии возникают центральный тремор, миоклония или припадки, пациенты должны пройти неврологическое обследование с назначением противосудорожной терапии, если она не была назначена ранее. Если симптомы нарушения функции ЦНС сохраняются, дозы Визтина необходимо уменьшить либо препарат следует отменить.

Беременность и период лактации.
Безопасность применения Визтина при беременности не изучена. Поэтому Визтин назначают только в том случае, когда предполагаемая польза для матери превышает потенциальный риск для плода. Неизвестно, выделяются ли активные вещества препарата с материнским молоком. При необходимости применения Визтина в период лактации следует прекратить грудное вскармливание.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами.
Учитывая возможность развития побочных эффектов на фоне лечения препаратом Визтин, нужно проявлять особую осторожность при управлении автомобилем и работе с механизмами.
Визтин цефазолин, цефоперазон, цефалотин, цефтазидим, цефокситин, цефотаксим, моксалактам, цефамандол мен цефтриаксонды қоса, цефалоспориндерге төзімді бактериялар туғызған көптеген жұқпалы ауруларда тиімді. Амин гликозидтеріне (гентамицин, амикацин, тобрамицин) және/немесе пенициллиндерге (ампициллин, карбенициллин, пенициллин-G, тикарциллин, пиперациллин, азлоциллин, мезлоциллин) төзімді микроорганизмдер туғызған жұқпалы аурулардың көбі Визтинмен емдегенде осылай жауап берді.

Визтинді және басқа бета-лактамдық антибиотиктерді, пенициллиндер мен цефалоспориндерді қолданғанда болатын ішінара түйіскен аллергия туралы кейбір клиникалық және зертханалық деректер бар. Бета-лактамдар тобы антибиотиктерінің көпшілігін пайдаланған кездегі ауыр реакциялар (анафилаксияны қоса) жайында хабарланды. Визтинмен емді бастаудың алдында бета-лактамдық антибиотиктерге бұрын болған аллергиялық реакциялар жөнінде тиянақты сыртартқы жиналуға тиіс. Егер емдеу үдерісінде аллергиялық реакция пайда болса, препаратты тоқтатып, тиісінше ем тағайындау керек.

Жалған жарғақшалық колит барлық дерлік антибиотиктермен емдеу барысындағы асқыну ретінде сипатталған; оның ауырлығы жеңіл түрлерден ауыр және өмірге қауіп төндіретін ахуалдарға дейін құбылады. Сондықтан сыртартқысында АІЖ-ның аурулары, әсіресе колит бар тұлғаларға Визтин сақтықпен тағайындалады. Әсіресе, антибиотиктермен емдеу аясында диарея пайда болған жағдайларда жалған жарғақшалық колиттің өршу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Барлық ықтималды нұсқалар зерттеулер колитті антибиотиктермен емдеуге байланысты болатын бастапқы себеп Clostridium difficile өндіретін уытты улар екенін көрсеткен жағдайларда ғана қарастырылуға тиіс. Басқа себептерді де назарға алу қажет.

Визтинді қабылдау кезеңінде ОЖЖ жағынан жағымсыз әсерлер бүйрек қызметіне және дене салмағына қарай ұсынылған дозалар мөлшерден асып кеткен жағдайларда жиі байқалды. Осындай бұзылыстар әдетте ОЖЖ зақымдалған емделушілерде (сыртартқысында бас миының жарақаттары немесе ұстамалары бар) және/немесе препарат жиналып қалуы мүмкін бүйрек қызметінің бұзылуларымен байланысты қатер тобының емделушілерінде сипатталған. Соған сай, әсіресе, осындай науқастарда ұсынылған дозалау режимін қатаң қадағалау тіптен қажет. Сыртартқысында ұстамаларға нұсқаулар көрсетілген науқастарда құрысуға қарсы препараттармен емдеу сақталуға тиіс.

Егер ем үдерісінде орталық діріл, миоклония немесе ұстамалар пайда болса, бұрын құрысуларға қарсы ем тағайындалмаған емделушілер сол емнің тағайындалуымен неврологиялық тексеруден өтулері қажет. Егер ОЖЖ қызметінің бұзылу белгілері сақталса, Визтин дозаларын азайту қажет немесе препаратты тоқтату керек.

Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік кезіндегі препаратты қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген. Сондықтан Визтин тек ана денсаулығы үшін пайда ұрыққа төнетін зор қатерден артық болған жағдайда ғана тағайындалады.
Препараттың белсенді заттарының ана сүтімен шығарылуы белгісіз. Лактация кезеңінде қолдану қажеттілігі туындаса, омыраумен қоректендіруді тоқтату керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емдеу аясында жағымсыз әсерлердің өршуі мүмкін екенін есепке алып, автомобильді басқарған және механизмдермен жұмыс істеген кезде ерекше сақ болу керек.

Дозировка и способ применения

В рекомендациях по дозировке Визтина указано количество имипенема, подлежащего введению.

Расчет общей суточной дозы Визтина должен основываться на степени тяжести инфекции и распределяться на несколько приемов в равных дозах с учетом степени чувствительности одного или нескольких патогенных микроорганизмов, функции почек и массы тела.

Схема дозирования для взрослых пациентов с нормальной функцией почек

Дозировки, приведенные в Таблице 1, рассчитаны для пациентов с нормальной функцией почек (клиренс креатинина более 70 мл/мин/1,73 м2) и массой тела  70 кг. У пациентов с клиренсом креатинина  70 мл/мин/1,73 м2 (см. Таблицу 2) и/или массой тела менее 70 кг необходимо снижение дозы препарата. Особенно важно снижение дозы в зависимости от массы тела у тех больных, у которых масса значительно ниже 70 кг, и/или имеется умеренно выраженная или тяжелая почечная недостаточность.

Средняя терапевтическая суточная доза составляет 1-2 г имипенема, разделенная на 3-4 приема (см. Таблицу 1). Для лечения инфекций средней тяжести препарат может также применяться в дозе 1 г дважды в день.

В случае инфекций, вызванных менее чувствительными микроорганизмами, суточная доза препарата для внутривенных инфузий может быть увеличена до максимальной - 4 г (имипенема) в день или 50 мг/кг в день в зависимости от того, какая доза будет меньше.

Каждая доза Визтина для внутривенных инфузий, меньше или равная 500 мг, должна вводиться внутривенно в течение 20-30 минут. Каждая доза свыше 500 мг, должна вводиться внутривенно на протяжении 40-60 мин. Больным, у которых во время инфузии появляется тошнота, следует замедлить скорость введения препарата.

Таблица 1. Режим дозирования Визтина для внутривенных инфузий взрослым пациентам с нормальной функцией почек и весом более 70 кг*

* У пациентов с массой тела менее 70 кг необходимо дальнейшее пропорциональное снижение вводимых доз.

В связи с высокой антимикробной активностью Визтина рекомендуется, чтобы его общая суточная доза не превышала 50 мг/кг или 4 г (имипенема)/день. Однако, больные муковисцидозом с нормальной почечной функцией, получали лечение Визтина в дозе до 90 мг/кг в день, разделенной на несколько приемов, при этом общая доза не превышала 4 г (имипенема) в день.

Схема дозирования для взрослых пациентов с нарушенной функцией почек:

Для коррекции дозы препарата при лечении взрослых пациентов с нарушенной функцией почек необходимо:
  • Основываясь на характеристиках инфекции выбрать из Таблицы 1 общую суточную дозу препарата.
  • Из Таблицы 2 подобрать соответствующую уменьшенную дозу препарата, исходя из суточной дозы (Таблица 1) и клиренса креатинина данного пациента. (Для расчета времени инфузии см. Раздел “Схема дозирования для взрослых пациентов с нормальной функцией почек”).
Таблица 2. Режим дозирования Визтина для внутривенных инфузий взрослым пациентам с нарушенной функцией почек и массой тела более 70 кг*

* У пациентов с массой тела менее 70 кг необходимо дальнейшее пропорциональное снижение вводимых доз.

При введении дозы в 500 мг пациентам с клиренсом креатинина 6-20 мл/мин/1,73 м2 возможно увеличение риска развития судорог.

Визтин не следует вводить внутривенно больным с клиренсом креатинина меньше 5 мл/мин/1,73 м2 за исключением тех случаев, когда не позднее чем через 48 ч после инфузии Визтина будет проводиться гемодиализ.

Гемодиализ

При лечении пациентов с клиренсом креатинина менее 5 мл/мин/1,73 м2, находящихся на гемодиализе, следует применять рекомендации по режиму дозирования Тиенама для пациентов с клиренсом креатинина 6 - 20 мл/мин/1,73 м2 (см. Раздел “Схема дозирования для взрослых пациентов с нарушенной функцией почек”).

Как имипенем, так и циластатин выводятся во время гемодиализа из системы кровообращения. В связи с этим Визтин для внутривенных инфузий должен вводиться больным после гемодиализа и затем через 12-ти часовые интервалы с момента завершения процедуры. За больными, находящимися на гемодиализе, особенно при наличии у них заболеваний центральной нервной системы, должно осуществляться тщательное наблюдение. Назначение Тиенама больным, которым проводится гемодиализ, рекомендовано только в тех случаях, когда польза от лечения превышает потенциальный риск развития судорог (см. Раздел “С осторожностью”).

Профилактика послеоперационных инфекций: режим дозирования для взрослых пациентов.

Для профилактики послеоперационных инфекций у взрослых Визтин для внутривенных инфузий следует вводить в дозе 1 г при вводной анестезии и затем 1 г через три часа. В случае хирургического вмешательства с высокой степенью риска (например, при операциях на толстой и прямой кишке) следует вводить две дополнительные дозы по 500 мг через 8 и 16 часов после вводного наркоза.

Схема дозирования для детей с 3-х месячного возраста

Для детей рекомендуется следующая схема дозирования:
  • Дети с массой тела  40 кг должны получать такие же дозы, как и взрослые пациенты.
  • Дети старше 3-х месяцев с весом тела менее 40 кг должны получать препарат в дозе 15 мг/кг с 6-часовыми интервалами. Максимальная суточная доза не должна превышать 2 г.
Приготовление раствора для внутривенных инфузий

Во флакон с порошком следует добавить 100 мл растворителя. В качестве растворителя можно использовать: изотонический раствор натрия хлорида; 5 % водный раствор декстрозы; 10 % водный раствор декстрозы; 5 % раствор декстроза и 0,9 % натрия хлорида; 5 % декстрозы и 0,45 % натрия хлорида; 5 % декстрозы и 0,225 % натрия хлорида; 5 % декстроза и 0,15 % калия хлорида; 5% и 10% раствор маннитола. Полученный раствор (концентрация имипенема 5 мг/мл) необходимо встряхивать до образования прозрачной жидкости.

Различия окрашенности раствора от желтого до бесцветного не влияют на активность препарата.

Для приготовления раствора Визтина не применяют растворители, содержащие соль молочной кислоты (лактат).
Визтинді дозалау жөніндегі ұсынымдарда енгізілуге тиісті имипенемнің мөлшері көрсетілген.

Визтиннің жалпы тәуліктік дозасының есептелуі жұқпаның ауырлық дәрежесіне негізделуге және бір немесе бірнеше патогендік микроорганизмдердің сезімталдық дәрежесі, бүйрек қызметі және дене салмағы есепке алынып, бірдей дозаларда бірнеше қабылдауларға бөлінуге тиіс.

Бүйрек қызметі қалыпты ересек емделушілер үшін дозалау сызбасы

1 кестеде келтірілген дозалаулар бүйрек қызметі қалыпты (креатинин клиренсі 70 мл/мин/1,73 м2 астам) және дене салмағы  70 кг емделушілерге есептелген. Креатинин клиренсі  70 мл/мин/1,73 м2 (2 кестені қараңыз) және/немесе дене салмағы 70 келіден кем емделушілерде препарат дозасын азайту қажет. Дозаны салмағы 70 келіден елеулі төмен және/немесе бірқалыпты айқын немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастардың дене салмағына қарай кеміту ерекше маңызды.

Орташа емдік тәуліктік доза 3-4 қабылдауға бөлінген 1-2 г имипенемді құрайды (1 кестені қараңыз). Орташа ауырлықтағы жұқпаны емдеу үшін препарат күніне екі мәрте 1 г дозада да қолданыла алады.

Сезімталдығы аздау микроорганизмдер туғызған жұқпалар жағдайында көктамырішілік инфузияларға арналған препараттың тәуліктік дозасын күніне ең жоғарғы 4 г (имипенем) немесе күніне 50 мг/кг-ге дейін, қандай дозаның кемірек болатынына қарай, арттыруға болады.

Көктамырішілік инфузияларға арналған Визтиннің 500 мг-ден кем немесе тең әрбір дозасы көктамыр ішіне 20-30 минут бойына енгізілуге тиіс. 500 мг-ден жоғары әрбір доза 40-60 минут бойына көктамырішілік енгізілуге тиісті. Инфузия кезінде жүрек айнуы пайда болған науқастарда препараттың енгізілу жылдамдығын баяулату керек.

1 кесте. Бүйрек қызметі қалыпты және салмағы >70 кг ересек емделушілер үшін көктамырішілік инфузияға арналған Визтинді дозалау режимі *

* Дене салмағы 70 келіден кем емделушілерде енгізілген дозаларды әріқарай пропорционалды кеміту қажет.

Визтиннің микробқа қарсы жоғары белсенділігімен байланысты оның жалпы тәуліктік дозасын күніне 50 мг/кг-ден немесе 4 г-ден (имипенем) асырмау ұсынылады. Дегенмен, бүйрек қызметі қалыпты муковисцидозбен науқастар күніне 90 мг/кг-ге дейінгі дозадағы бірнеше қабылдауға бөлінген Визтинмен ем алған, бұл орайда жалпы доза күніне 4 г-ден (имипенем) аспаған.

Бүйрек қызметі бұзылған ересек емделушілердегі дозалау сызбасы:

Бүйрек қызметі бұзылған ересек емделушілерді емдегенде препарат дозасын реттеу үшін мыналар қажет:
  • Жұқпаның сипаттамасына негіздеп, 1 кестеден препараттың жалпы тәуліктік дозасын таңдау.
  • 2 кестеден тәуліктік дозаға (1 кесте) және осы емделушінің креатинин клиренсіне сүйене отырып, препараттың тиісінше азайтылған дозасын іріктеу керек (Инфузия уақытын есептеу үшін «Бүйрек қызметі қалыпты ересек емделушілерге арналған дозалау сызбасын» қараңыз).
2 кесте. Бүйрек қызметі бұзылған және дене салмағы >70 кг ересек емделушілер үшін көктамырішілік инфузияға арналған Визтинді дозалау режимі *

* Дене салмағы 70 келіден кем емделушілерде енгізілген дозаларды әріқарай пропорционалды кеміту қажет.

Креатинин клиренсі 6-20 мл/мин/1,73 м2 емделушілерге 500 мг дозаны енгізгенде құрысулардың өршу қаупі ұлғаюы мүмкін.

Визтинді креатинин клиренсі 5 мл/мин/1,73 м2 аз науқастарға көктамырішілік енгізуге болмайды, бұған Визтин инфузиясынан кейін 48 сағат өтпей тұрып гемодиализ жүргізілетін жағдайлар саналмайды.

Гемодиализ

Гемодиализ алып жүрген, креатинин клиренсі 5 мл/мин/1,73 м2 аз емделушілерді емдегенде креатинин клиренсі 6 - 20 мл/мин/1,73 м2 емделушілерге арналған Тиенамды дозалау режимі жөніндегі ұсынымдарды қолдану керек («Бүйрек қызметі бұзылған ересек емделушілерге арналған дозалау сызбасын» қараңыз).

Имипенем сияқты, циластатин де қан айналысы жүйесінен гемодиализ кезінде шығарылады. Осыған орай, көктамырішілік инфузияларға арналған Визтин науқастарға гемодиализден кейін және сосын емшара аяқталған сәттен 12 сағаттық аралықтан соң енгізілуге тиіс. Гемодиализде жүрген науқастар, әсіресе оларда орталық жүйке жүйесінің аурулары болса, тиянақты қадағалауға алынуға тиіс. Визтин гемодиализ жүргізіліп жатқан науқастарға тек емдеудің пайдасы құрысулардың зор өршу қатерінен артық болған жағдайларда ғана ұсынылады ( “Сақтықпен қолдану” бөлімін қараңыз).

Операциядан кейінгі жұқпалардың алдын алу: ересек емделушілерге арналған дозалау режимі

Ересектердегі операциядан кейінгі жұқпалардың алдын алу үшін көктамырішілік инфузияларға арналған Визтинді енгізерде жансыздандыру арқылы 1 г дозада және сосын үш сағаттан соң 1 г енгізу керек. Қаупі жоғары дәрежедегі хирургиялық араласу жағдайында (мысалы, тоқ және тік ішекке жасалатын операцияларда) наркоз енгізгеннен кейін 8 және 16 сағаттан соң 500 мг-ден екі қосымша дозаны енгізген дұрыс.

3 айдан асқан сәбилердегі дозалау сызбасы

Балаларға келесі дозалау сызбасы ұсынылады:
  • Дене салмағы  40 кг балалар дәл ересек емделушілердегі сияқты дозаларды алуға тиісті.
  • 3 айдан асқан, дене салмағы 40 келіден аз балалар препаратты 15 мг/кг дозада 6 сағаттық аралықтармен алуға тиісті. Ең жоғары тәуліктік доза 2 г-ден аспауға тиіс.
Көктамырішілік инфузияларға арналған ерітіндіні дайындау

Ішінде ұнтақ бар құтыға 100 мл еріткіш қосады. Еріткіш ретінде: натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін; декстрозаның 5% сулы ерітіндісін; декстрозаның 10% сулы ерітіндісін; 5% декстроза және 0,9% натрий хлориді ерітіндісін; 5% декстрозаның және 0,45% натрий хлоридінің ерітіндісін; 5% декстрозаның және 0,225% натрий хлоридінің ерітіндісін; 5% декстрозаның және 0,15% калий хлоридінің ерітіндісін; 5% және 10% маннитол ерітіндісін пайдалануға болады. Алынған ерітіндіні (5 мг/мл имипенем концентрациясы) мөлдір сұйықтық түзілгенше сілкілеу қажет.

Ерітіндінің сарыдан түссізге дейін боялу айырмашылықтары препараттың белсенділігіне әсер етпейді.

Визтин ерітіндісін дайындау үшін құрамында сүт қышқылының тұзы бар еріткіштерді (лактаттар) қолданбайды.

Взаимодействие с лекарствами

Фармацевтическое взаимодействие.
Раствор Визтина для в/в введения обладает химической несовместимостью с солью молочной кислоты (лактатом), его не следует готовить на основе растворителей, содержащих соль молочной кислоты. Раствор Визтина для в/в введения нельзя смешивать или добавлять к растворам других антибиотиков.
Фармацевтикалық өзара әрекеттесу.
Көктамырішілік енгізуге арналған Визтин ерітіндісінің сүт қышқылының тұзымен (лактатпен) химиялық үйлесімділігі жоқ, оны құрамында сүт қышқылының тұзы бар еріткіштердің негізінде дайындамайды. К/і енгізуге арналған Визтин ерітіндісін басқа антибиотиктердің ерітінділерімен араластыруға немесе қосуға болмайды.

Передозировка визтиным в порошке

Симптомы : усиление побочных эффектов препарата.

Лечение: отмена препарата, назначение симптоматической и поддерживающей терапии. Препарат выводится при проведении гемодиализа, однако, эффективность данной процедуры при передозировке неизвестна.
Белгілері: препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: препаратты тоқтату, белгісіне қарай демеуші емнің тағайындалуы. Препарат гемодиализ жүргізгенде шығарылады, дегенмен, осы емшараның асқын дозалану кезіндегі тиімділігі белгісіз.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

После внутривенного (в/в) введения раствора Визтина время достижения максимальной концентрации (TСmax) в плазме составляет 20 минут для обоих компонентов. При этом максимальная концентрация (Сmax) для имипенема достигает значений от 21 до 58 мкг/мл для имипенема и от 31 до 49 мкг/мл для циластатина. После введения Визтина Сmax снижается до значения 1 мкг/мл и ниже в течение 4-6 часов.

Период полувыведения для каждого из компонентов составляет - 1 час. Связывание с белками плазмы составляют 20% для имипенема и 40% - для циластатина. Примерно 70% введенного в/в имипенема выводится почками в течение 10 часов. Концентрация антибиотика в моче свыше 10 мкг/мл может сохраняться на протяжении 8 часов после в/в введения Визтина. Около 70% циластатина выводится почками в течение 10 часов после в/в введения препарата.

После в/в введения Визтина в дозе 1 грамм были определены следующие средние значения концентрации имипенема (измерения проводили через 1 час после введения) в следующих тканях и средах организма человека:
Визтин ерітіндісінің көктамырішілік (к/і) енгізілгеннен кейін плазмадағы ең жоғары концентрациясына (TСmax) жету уақыты екі құрамдас бөлік үшін де 20 минутты құрайды. Бұл орайда ең жоғарғы концентрация (Сmax) имипенем үшін 21-ден 58 мкг/мл-ге дейінгі және циластатин үшін 31-ден 49 мкг/мл-ге дейінгі шамаларға жетеді. Енгізілгеннен кейін Визтиндік Сmax 1 мкг/мл мәніне дейін кеміп, 4-6 сағат бойына төмен болады.

Құрамдас бөліктердің әрқайсысы үшін жартылай шығарылу кезеңі 1 сағатты құрайды. Қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы имипенем үшін 20% және циластатин үшін 40% құрайды. К/і енгізілген имипенемнің 70%-ы 10 сағат ішінде бүйрек арқылы шығарылады. 10 мкг/мл-ден астам несептегі антибиотиктің концентрациясы Визтин к/і енгізілгеннен кейін 8 сағат бойына сақталады. Циластатиннің 70%-ға жуығы препарат к/і енгізілгеннен кейін 10 сағат ішінде бүйрекпен шығарылады.

Визтин 1 грамм дозада к/і енгізілгеннен кейін имипенем концентрациясының орта шамалары белгілі болды (өлшеу енгізілгеннен кейін 1 сағаттан соң жүргізілген).

Фармакодинамика

Визтин состоит из двух компонентов: 1) имипенема первого представителя нового класса бета-лактамных антибиотиков – карбопенемов, и 2) циластатина - специфического фермента-ингибитора, тормозящего метаболизм имипенема в почках и значительно увеличивающего концентрацию неизмененного имипенема в мочевыводящих путях.

Визтин является высокоэффективным ингибитором синтеза клеточной стенки бактерий и обладает бактерицидным действием по отношению к широкому спектру патогенных грамположительных и грамотрицательных микроорганизмов, как аэробных, так и анаэробных.

Устойчивость Визтина к расщеплению бактериальными бета-лактамазами, включая продуцируемые грамположительными и грамотрицательными бактериями пенициллиназы и цефалоспориназы, обеспечивает его эффективность. Особенность препарата заключается в сохранении высокой активности в отношении нечувствительных к другим антибиотикам групп грамположительных аэробных кокков (Staphylococcus aureus, Streptococcus faecalis), грамотрицательных Pseudomonas aeruginosa, Serratia spp., Enterobacter spp. и др устойчивых к действию большинства бета-лактамных антибиотиков, а также анаэробов (Bacteroides fragilis).

В отношении нижеследующих микроорганизмов Визтин продемонстрировал эффективность:

Грамположительные аэробы:
Enterococcus faecalis (ранее S. faecalis), (имипенем неактивен in vitro в отношении Enterococcus faecium [ранее S. faecium].), Staphylococcus aureus, включая пенициллиназо-продуцирующие штаммы, Staphylococcus epidermidis включая пенициллиназо-продуцирующие штаммы, (метициллин-резистетные стафилококки устойчивы к имипенему.), Streptococcus agalactiae (стрептококки группы B), Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes

Грамотрицательные аэробы:
Acinetobacter spp., Citrobacter spp., Enterobacter spp., Escherichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella spp., Morganella morganii, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Pseudomonas aeruginosa (имипенем неактивен in vitro в отношении Xanthomonas (Pseudomonas) maltophilia и некоторых штаммов P. cepacia.), Serratia spp., включая S. marcescens

Грамположительные анаэробы:
Bifidobacterium spp., Clostridium spp., Eubacterium spp., Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Propionibacterium spp.

Грамотрицательные анаэробы:
Bacteroides spp., включая B. fragilis, Fusobacterium spp.

Имипенем активен при значениях минимальной подавляющей концентрации (МПК) 4 мкг/мл и менее в отношении большинства (≥90%) из нижеследующих штаммов микроорганизмов:

Грамположительные аэробы:
Bacillus spp., Listeria monocytogenes, Nocardia spp., Staphylococcus saprophyticus, Стрептококки группы C, Стрептококки группы G, Зеленящие стрептококки (группа Viridans)

Грамотрицательные аэробы:
Aeromonas hydrophila, Alcaligenes spp., Capnocytophaga spp., Haemophilus ducreyi, Neisseria gonorrhoeae включая пенициллиназо-продуцирующие штаммы, Pasteurella spp., Providencia stuartii

Грамотрицательные анаэробы:
Prevotella bivia, Prevotella disiens, Prevotella melaninogenica, Veillonella spp.

Тесты in vitro свидетельствуют о синергидном взаимодействии имипенема и антибиотиков аминогликозидового ряда в отношении некоторых клинических штаммов Pseudomonas aeruginosa.
Визтин екі құрамдас бөліктен: 1) бета-лактамдық антибиотиктер - карбопенемдердің жаңа сыныбының алғашқы өкілі – имипенемнен, және 2) бүйректегі имипенем метаболизмін тежейтін және несеп шығару жолдарындағы өзгеріссіз имипенем концентрациясын елеулі арттыратын арнайы тежегіш-фермент – циластатиннен тұрады.

Визтин бактериялардың жасушалық кенересі түзілуінің тиімділігі жоғары тежегіші болып табылады және патогендік аэробтық та, анаэробтық та грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты бактерицидтік әсер иеленеді.

Визтиннің грамоң және грамтеріс бактериялар өндіретін пенициллиназа мен цефалоспориназаны қоса, бактериялық бета-лактамазалар арқылы ыдырауға төзімділігі оның тиімділігін қамтамасыз етеді. Препараттың ерекшелігі басқа антибиотиктерге сезімтал емес грамоң аэробтық кокктардың (Staphylococcus aureus, Streptococcus faecalis), грамтеріс Pseudomonas aeruginosa, Serratia spp., Enterobacter spp. және бета-лактамдық антибиотиктердің көпшілігінің әсеріне төзімді басқаларының, сондай-ақ анаэробтардың (Bacteroides fragilis) топтарына қатысты жоғары белсенділігін сақтауымен тұжырымдалады.

Визтин төменде тізбеленген микроорганизмдерге қатысты тиімділігін жария етті:

Грамоң аэробтар:
Enterococcus faecalis (бұрын S. faecalis) (in vitro имипенем Enterococcus faecium-ге қатысты белсенді емес [бұрын S. faecium].), Staphylococcus aureus, пенициллиназа өндіретін штаммдарды қоса, Staphylococcus epidermidis пенициллиназа өндіретін штаммдарды қоса (метициллинге төзімді стафилококктар имипенемге төзімді), Streptococcus agalactiae (B тобының стрептококктары), Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes

Грамтеріс аэробтар:
Acinetobacter spp., Citrobacter spp., Enterobacter spp., Escherichia coli, Gardnerella vaginalis, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella spp., Morganella morganii, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Pseudomonas aeruginosa (in vitro имипенем Xanthomonas (Pseudomonas) maltophilia-ге және P. cepacia-ның кейбір штаммдарына қатысты белсенді емес), Serratia spp., S. Marcescens-ті қоса

Грамоң анаэробтар:
Bifidobacterium spp., Clostridium spp., Eubacterium spp., Peptococcus spp., Peptostreptococcus spp., Propionibacterium spp.

Грамтеріс анаэробтар:
Bacteroides spp., B. fragilis-ті қоса, Fusobacterium spp.

Имипенем микроорганизмдердің төмендегі штаммдарының көпшілігіне (≥90%) қатысты ең кем бәсеңдеткіш концентрациялардың (МПК) 4 мкг/мл және одан да аз шамаларында белсенді:

Грамоң аэробтар:
Bacillus spp., Listeria monocytogenes, Nocardia spp., Staphylococcus saprophyticus, C тобының стрептококктары, G тобының стрептококктары, Жасылданатын стрептококктар (Viridans тобы)

Грамтеріс аэробтар:
Aeromonas hydrophila, Alcaligenes spp., Capnocytophaga spp., Haemophilus ducreyi, Neisseria gonorrhoeae, пенициллиназа өндіруші штаммдарды қоса, Pasteurella spp., Providencia stuartii

Грамоң анаэробтар:
Prevotella bivia, Prevotella disiens, Prevotella melaninogenica, Veillonella spp.

Іn vitro тестілері Pseudomonas aeruginosa-ның кейбір клиникалық штаммдарына қатысты имипенем мен амингликозидтік қатардағы антибиотиктердің синергидтік өзара әрекеттесетінін айғақтайды.

Упаковка и форма выпуска

Препарат в cтеклянные флаконы вместимостью 10 мл (типа I), укупоренные пробками резиновыми и закатанные алюминиевыми колпачками с пластиковыми крышками. По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на русском и государственном языках помещают в картонную пачку.
Сыйымдылығы 10 мл (1 түрдегі) шыны құтылардағы препарат, пластикалық қақпағы бар алюминий қақпақшамен қаусырылған және резеңке тығынмен тығындалған. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.